Павлодар облысында балабақша шатырынан адам құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жатқызылды

Ленин кентінде балабақша шатырынан адам құлады. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Құлаған адам 38 жасар ер азамат болып шықты. Ол балабақша шатырында құрылыс жұмыстарын жүргізген екен.

«14 тамыз сағат 16:30-да Ленин кентіндегі балалар бақшасының шатырында құрылыс жұмыстарын жүргізген ер адамның құлағаны анықталды. Тексеру жүргізілуде», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен азамат Павлодар ауруханаларының біріне жатқызылды.