Туристер Қоңыр әулие үңгіріне бара жатқан
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туристер мінген автобус батпаққа батып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде саяхатшылардың көлігі батпаққа батып қалған. Қоңыр әулие үңгіріне бет алған автобуста 40 жолаушы болған», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен әкімдік қызметкерлері туристер мінген көлікті батпақтан шығаруға көмектескен.
«Жолаушыларға еш қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.