Ақтөбеде 34 жастағы әйел балконнан секірмек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Әйелдің мас күйде болғаны анықталды 

Ақтөбеде полицейлер балконнан секірмек болған әйелді суицидтен құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамыз күні сағат 23:30-да полиция қызметкерлері бір әйелдің “Қарғалы” шағын ауданындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама алды.

Аталған мекен-жайға полиция жасағы жіберілді, олар өздерінің дереу жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде әйелді құтқарып қалды. 34 жастағы әйелдің мас күйінде екені белгілі болды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді.