Air Astana әуе компаниясы болған жайды түсіндірді
Алматы қаласынан ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақ найзағай ұрғаны туралы хабарламадан кейін әуежайға қайта оралды.
Алматы - Тбилиси бағытында рейс орындамақ болған әуе кемесіне қатысты бұл жағдай 9 тамыз кешке болған. Ұшақ сағат 20:30-да ұшып шығып, әуеде найзағай ұрды деген хабарламаға байланысты Алматы әуежайына оралды.
«Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Әуе бортын ауыстырғаннан кейін жолаушылар сағат 00.40-та діттеген жеріне ұшып кетті. Ұшақ толық тексерілді, найзағай ұрған із табылмады», - деп хабарлады әуе компаниядан.
Тексеруден өткен әуе кемесі қайта пайдалануға беріледі.