Ақтөбе облысында ер адам өзінің бір жасар баласын басып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, ауруханасына жеткізілді

Фотог: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында Оpel көлігінің жүргізушісі өзінің бір жасар баласын басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 7 тамыз күні болған. Opel Astra көлігінің 48 жастағы жүргізушісі өз үйінің ауласында артқа жүрмек болғанда бір жасар баласын басып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.