Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
5 тамыз сағат 17:30 шамасында Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны Иван Юрьевич Зозуля жазасынан ерте босатылуына байланысты белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін, Тараз қалалық №2 сотының қаулысымен 2 жыл 10 ай 17 күнге қамаққа алынып, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 158/1 мекемесіне айдауылдау барысында, белгісіз бағытта бой тасалаған.
Зозуля бұрын, 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны және есірткі заттарды өткізгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотты болған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 8 тамызда сағат 21.00 шамасында сотты болған Зозуля Тараз қаласының «Қарасу» шағынауданында ұсталды.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабымен, яғни, күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады және тергеу изоляторына қамауға алынды.