Павлодар ауданында суға кеткен жігіттің денесі іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде суға түскен

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар ауданында суға кеткен жігіттің денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«8 тамыз күні сағат 18:00 шамасында 112 арнайы желісіне Павлодарское ауылынан 1 км қашықтықта Ертіс өзенінің саласы, сорғы ауданында 1991 жылы туған ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді облыстық ТЖД.

Ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.  

Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.