Павлодар облысында такси тоқтатпақ болған әйелді көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Жол-көлік оқиғасы Омбы – Майқапшағай автожолының 561 шақырымында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

«6 тамыз күні сағат 23.15-те Шарбақты ауылының жанында «Nissan X-Trail" автокөлігінің 68 жастағы жүргізушісі 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел адам жолдың жүру бөлігіне шығып, такси тоқтатқысы келген», - деді облыстық полиция департаментінде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.  

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған.