Бұдан бөлек 120 жолаушы зардап шеккен
Соңғы бір аптада елімізде жол апаттары салдарынан 34 адам қаза тауып, 120 жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұның басым бөлігіне күн райының қолайсыздығы себеп болған. Осыған орай ішкі істер министрлігі жүргізушілерге аса сақ болуды ескертті. Себебі бар болғаны бір жұма ішінде 166 жол апаты тіркелген.
Қазір ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарына қарасты жолдарда көлік қатынасының барлық түріне шектеу қойылды. Сала мамандары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.