Ертіс өзенінің «Жылы жағажай» жеке меншік жағажайында ер адам суға батып кеткен
Павлодарда көпір маңынан суға батып кеткен адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні қоғамдық құтқарушы Сергей Ермаков жағажай аумағынан тыс жерде ер адам суға батып кеткенін көрген.
«Сол күні оқиға орнына кезекші шықты. Іздеу жұмыстарының бірінші күні өзен түбі 2000 метр төмен ағыспен, жағадан 50 метр қашықтықта, тереңдігі 3-тен 10 м-ге дейін зерттелді. Бұдан басқа, эхолоты бар жеке меншік қайық жұмылдырылды. Алайда іздеу нәтиже бермеді. Өзеннің түбінде көптеген су басқан шөгінділер бар. 4 тамызда жүргізілген іздеу шаралары нәтижесіз аяқталды», - дейді департаменттегілер.
Келесі күні сағат 15.47-де Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде автожол көпірі маңынан 1962 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Ер адамның туыстары суда ажал құшқан адамды таныды.