Интим қызмет көрсететін жігітті олар интернет арқылы тапқан
Ақтөбеде жезөкшелікпен айналысқан жігітті соққыға жыққан үш ер адам сотталды деп жазады Stan.kz.
25 жастағы жергілікті тұрғын интим қызметін көрсететін қыздарды интернет арқылы іздеп отырып, сайттағы жезөкшелердің тізімінен ер жігітті көріп қалған. Ол екі досын ертіп алып, сайтта көрсетілген мекен-жайға барады да, есікті ашқан жігітті сөзге келместен соққыға жығады.
Осынау қылмысты ұйымдастырған 25 жастағы ер адам жәбірленушінің үйінен телефон мен электронды темекіні де алып кеткен.
Сотта үш жігіт тек тәрбиелеу мақсатында осындай қадамға барғанын айтты. Алайда, 25 жастағы айыпталушыдан полицейлер есірткі тауып, оның көлік ұрлағанын да анықтапты. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.