Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды
Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары Карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. Әкімдік қызметкерлері қалалық № 2 сотының үкімімен сотталды:
Ізбасаров пен Сүйінбеков алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның ақшасын иемденіп, карантин кезінде кешеннің кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін KIDS Park ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаевадан жалпы сомасы 200 мың теңге болатын қаржы алды деп күдіктенді. Шілдебаева Тараз қаласы әкімдігінің аталған лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 200 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді.