«Қара Бүркіт» мекемесінде аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар жазасын өтейді
Қостанай облысында «Қара бүркіт» колониясының жанында қатты ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенді, деп хабарлан Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның хабарлауынша, өртті қызметкерлер байқап, бірден сөндіруге кіріскен. Төрт сағат ішінде өрт толық оқшауланып, колонияның жеке құрамы өрт сөндіру автокөлігіндегі су қорын тез толтырып отыруға көмектесті.
«Ашық жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық», - деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.
Айта кетейік, Қостанай облысындағы «Қара Бүркіт» мекемесінде аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар жазасын өтейді.