$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2021, 16:47
Оқиғалар

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген 796 жүргізуші ұсталды

Ал бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 104 адам тағы да көлік рөліне отырған

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген 796 жүргізуші ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген 796 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Полиция қызметкерлері тұрақты негізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде, бүгінгі күні 72 000-нан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, мас күйінде көлік жүргізгені үшін биыл 796 жүргізуші ұсталды. Ал бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 104 адам тағы да көлік рөліне отырған», - деп түсіндірді брифингте Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Мәселен, Екібастұз қаласында М.Әуезов көшесінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу барысында "KIA" маркалы автокөліктің 45 жастағы жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды, одан алкогольдің өткір иісі шыққан. Ер адам полиция қызметкерлерінің медициналық тексеруден өту туралы заңды талаптарын орындамаған. Аталған факт бойынша жүргізуші ҚР ӘҚБтК 613-бабының 4 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы полицияның заңды талабын орындамаған құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

 
 
Серіктес жаңалықтары