«Өмірінің соңғы сәті»: Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апатының видеосы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға былтыр қарашада болған

Алматыда қайғылы жол апатына себепкер болған жүргізуші екі жарым жылға сотталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2020 жылдың қараша айында болған. Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай қозғалған Mercedes E-class автокөлігінің жүргізушісі жолда өзге көлікпен жарысып, тізгінге ие бола алмай қалған. Оның автокөлігі жол ортасын бөліп тұрған темір қоршауға соқтығысып, салдарынан жүргізуші жанында отырған жолаушы сол жерде көз жұмды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі және 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа өткен болатын. Судья жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.