Қорғаныс министрлігі әскери институттағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа байланысты хабарлайды.
2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды.
«Оқ басқа курсанттың аяғына тиген. Зардап шегуші жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілді. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Оқиғадан ата-аналары хабардар», - делінген хабарламада.
Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.