«Бетін шанышқымен күйдірген»: Түркістан облысының полицейлері аталған оқиғаны тексеріп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жаға ұстатарлық жағдай туралы отандық журналист өзінің Instagram-парақшасында жазған болатын

Түркістан облысының полицейлері келін мен қайынәпкесінің арасындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін жазғанымыздай, Түркістан облысында ақыл-есінің дамуында тежеуі бар келіншектің бетін қайынбикесі ыстық шанышқымен күйдірген. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлаған. Келінге мұндай қорлық көрсетуге себеп болған жайт – газ плитасын уақытылы жумауы.

Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де, бұл жайт Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылуда», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, қазір зәбір көрген 40 жастағы әйел балаларымен төркініне кеткен.