Атырау облысында бір күнде үш адам суға кетіп қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде шомылу маусымы басталғалы 19 адам суға батып кетті

Атырау облысында бір күнде үш адам суға кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АқЖайыққа сілтеме жасап. 

18 шілдеде кешкісін «Атырау» ДСК аумағындағы жағажайда 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Оқиға туралы хабарлама ТЖ басқару пультіне 20 сағат 15 минутта түсті. Сүңгуірлер жасөспірімнің денесін сағат 20.31-де алып шықты. Сол күні тағы екі адам - Геологта 38 жастағы ер адам және Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында балық аулайтын торға шырмалған 42 жастағы Өзбекстан азаматы суға батып кетті.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысында көктемнен бері 19 адам суға кеткен, оның алтауы балалар.