Іле Алатауында турист жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол досына хабарласып, таудан өздігімен түсе алмайтынын айтқан

Іле Алатауы тауларында Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам іздестірілуде деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

18 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен ер адмның тауда жоғалғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

«Мәншүк Мәметова көлінде түнеген 27 жастағы жас жігіт таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын турист досына хабарласып шыңды бағындырғандығын, дегенмен оған көмек қажет екенін және өздігінен түсе алмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ер адаммен байланыс үзілген. Оқиға орнына 1 автотехника, 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты. РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастады. Альпинистерден 2 адам жұмылдырылды. Жедел топ Р№ 6 көліне дейін жетіп, М.Мәметова шыңына қарай жаяу жүріп шықты», - делінген аталған хабарламада.

РОСО құтқарушылары мұздықтың түбін барлап, мұздақтарды қарап шықты. Альпинистер М.Мәметова жотасының қырқасын асып өтті. Белгілі болғандай, турист «Қазселденқорғау» жұмысшыларына сөмкесін қалдырып, 18 шілде күні түске қарай қайтатынғын айтып, сол қалпы оралмаған.

Бүгін таңертең РЖҚЖ-ның екінші жедел тобы 7 адам мен 1 бірлік автотехника құрамында бірінші топпен ауысты. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қазавиақұтқару АҚ бортында М.Мәметова шыңын ұшып өтуде.