Ақтөбеде жүргізуші 7 жасар баланы қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде жүргізуші жеті жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

15 шілде күні сағат 16:00 шамасында Ақтөбе қаласы Иманов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. 

LADA Largus автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

Кәмелетке толмаған бала Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.