Ақтөбе облысында атасы мен екі немересі жол апатына ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі оқиға орнында көз жұмды

Ақтөбе облысында атасы мен екі немересі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілде күні Темір ауданының тұрғыны ВАЗ-2114 автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 30 шақырымында автокөлікпен аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды.