ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Өзбекстанда 1 жыл бұрын жоғалып кеткен келіншек Алматыдағы дәмханалардың бірінен табылды

Ол бұдан кейін де үйіне қайтпайтынын айтқан

Былтыр із-түссіз жоғалып кеткен өзбекстандық әйел Алматыдан аман-есен табылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін БАҚ өкілдері 39 жастағы Өзбекстан азаматы Қазақстанда жоғалып кетіп, оның туыстары онымен бір жыл бойы байланысқа шыға алмады деген ақпарат таратқан.

«Бұл мәселе бойынша СІМ арқылы ешқандай ресми мәлімдеме болған жоқ. Соған қарамастан жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде әйел табылды. Оның «Тастақ» шағынауданындағы кафелердің бірінде жұмыс істейтіні, бірақ қаланың Медеу ауданында тұратыны анықталды. Ол өзінің туыстарымен жеке мәселелер бойынша және тұрақты табыстың жоқтығын ескере отырып байланыспағанын түсіндірді. Сондай-ақ, әйел әзірше үйге бармайтынын айтты», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.