Ұлытауда дала өртінен бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұдан бөлек 200-ден астам қой қырылып қалды 

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала өрті өршіп, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар 200-ден астам қой қырылды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «Фейсбуктегі» парақшасында жариялады. Қазіргі уақытта облыс бойынша 17 табиғи өрт ошағы анықталды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, 350 құтқарушы және ерікті жұмыс істеп жатыр. Табиғи өрт ошақтарын сөндірумен «Қазавиа құтқару» мекемесінің тікұшағы да айналысуда. Қазіргі таңда 10 ошақ жойылды. Қалғандары бақылауға алынған.