Оралда қызын құтқармақ болған ер адамның өзі де суға ағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 4 шілдеде болған

Орал өзенінде әкесі мен қызы суға батып кетті деп жазады «Мой Город» порталы. Қайғылы оқиға 4 шілдеде күндізгі сағат үш жарым шамасында болған.

Облыстық ТЖД-ның құтқару отряды Урдинская көшесі маңында Орал өзенінен 48 жастағы ер адамның денесін алып шықты. Ол 10 жасар қызын құтқармақ болып суға түскен. Қызы рұқсат етілмеген жерде шомылып, суға батып кеткен.

Құтқарушылар екеуінің де денесін алып шығып, дәрігерлерге табыстады.