Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеріс жүргізілуде
Павлодарда велосипедші баланы көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан 2009 жылы туған бала зардап шекті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«2 шілде күні сағат 11.30-да Ворушин – Гагарин көшелерінің қиылысында 35 жастағы жүргізуші басқарған «ГАЗ 33021» автокөлігі мен велосипедші соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеріс жүргізілуде.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың алты айында Павлодар облысы бойынша 221 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке орай, жол апатынан 13 адам қаза тапты, 321 адам жарақат алды.