Алматы полициясы жиһаз жасайтын алаяққа алданғандарды іздестіреді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 20 адам осыған ұқсас арыздармен жүгінген

Фото: ашық дереккөзден

Алматы полициясы «Primo Mebel» компаниясына алданып қалған азаматтарды іздеуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД ТБ-ның өндірісінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің материалы бар.

«Қылмыстық іс материалдарынан «Primo Mebel» фирмасының директоры – Т.есімді ер адамның алаяқтық фактісі, өзінің қызметі туралы әлеуметтік желілерде жарнамалап, сол арқылы клиенттерді қызықтырғанында. Жарнаманы көріп, сенім білдірген азаматтар Т.есімді ер адамның қызметінің ашықтығына күмәнданбай, онымен байланысқа шықты. Өзіне деген сенімділікті арттыру және әлеуетті клиенттердің қырағылығын жою үшін T., нақты тапсырыстың өлшеулерін және алдын-ала төлемді алады, тіпті оны жасауға нақты мүмкіндігі болмаса да, жиһазды жасауға және орнатуға келісімшарттар жасасты. Нәтижесінде алданған азаматтар тапсырысты орындаушыдан қалаған жиһаздарын ала алмайды. Тиісінше, ол төленген соманы да қайтарған жоқ», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Қазіргі уақытта 20 адам осыған ұқсас арыздармен жүгінді. Жалпы материалдық шығын 10 миллион теңгені құрайды.

«Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-707-834-83-33; 8-777-250-68-37 және 8-701-624-28-24», – деп қорытындылады Әбдрахманов.