Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Атырау тұрғынынан 600 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусым күні Атырау облысы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасына 31 жастағы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балықтарын өз үйіне сақтап және сатып жүргені туралы ақпарат түскен. Полицейлер жедел іс-шара жүргізіп, тұрғынның мекен-жайы бойынша тінту жүргізді.
Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан сарай ішіндегі тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келі болатын 169 дана бекіре тұқымдас балық табылды.
Аталған факті бойынша Жылыой аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.