Жол апаты салдарынан екі жолаушы зардап шекті
Павлодар облысында Nissan Mistral автокөлігі жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 маусым күні сағат 22:00-де Екібастұз – Солнечный автожолының 14 шақырымында болған.
«Nissan Mistral автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен. Салдарынан 1967 және 1991 жылдары туған жолаушылар жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - дейді департаменттегілер.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеріс жүргізілуде.