Ақтауда сапбордпен жүзіп жүрген 4 қыз теңізге ағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

19 және 18 жастағы бойжеткендер құтқарылды

Кеше, 30 маусым күні таңертең теңізде сапбордпен жүзіп жүрген 4 қыз суға ағып кетті, деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметі. 

Оқиға кеше таңертең сағат 08:00 шамасында 1 шағынауданда болған.

8:10-да кезекшіге теңізге ағып кеткен қыздар туралы хабарлама түскен.

8:20-да құтқарушылар оларды жағалауға алып шығып, дәрігерлерге табыстады.

Үш бойжеткен – 2002 жылғы, біреуі 2003 жылғы болып шықты.