Жол апатына Lada Granta көлігінің жүргізушісі кінәлі деген болжам бар
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты. Өскемен – Семей бағытындағы тас жолда Lada Granta мен Chevrolet көліктері соқтығысып, 45 жастағы жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Соқының қатты болғаны соншалық, қос көліктің сау тамтығы қалмаған. Апатқа ұшыраған Chevrolet Nexia өртеніп кетті. Ал, жол апатынан ауыр жарақат алған жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Жантүршігерлік жол апатына Lada Granta көлігінің жүргізушісі кінәлі деген болжам айтылды.