Павлодар облысында жол апатынан 4 жасар қыз қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оны 21 жастағы жігіт көлігімен қағып кеткен

Павлодар облысы Береке ауылында ВАЗ-2106 автокөлігі 4 жасар қызды қағып кетті. Ауыр соққы салдарынан сәби оқиға орнында қайтыс болған деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 28 маусым күні кешкі сағат 17:30 шамасында Атамекен көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, кішкентай қыз жолға жүгіріп шығып, көлік астына түсіп қалған.

Қазіргі таңда 21 жастағы жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 354-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол қамауға алынған.