Құтқарушылар рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау керектігін ескертеді
Павлодар облысында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Ведомствоның мәліметі бойынша, 26 маусым күні сағат 16:00-де Ақсу қаласынан 8 км қашықтықта Ертіс өзенінде 40 жастағы ер адам резеңке қайықты басқара алмай, аударылып, батып кеткен. Сондай-ақ 27 маусым күні сағат 17.20-да Белая өзенінде 1995 жылы туған ауыл тұрғыны суға кетті.
«Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларына жібермеңіздер. Тек рұқсат етілген орындарда, жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға болады, ұсынылған тереңдіктен тыс және де көпірлердің астында, бөгеттердің жанында жүзуге тыйым салынады», – делінген хабарламада.