Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін ұрып өлтіріп қойған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 9 жылға сотталды

Фото ашық дереккөзден

Ақтау қаласының тұрғынвы әйелін қызғанып, оның көңілдесін өлімші етіп сабаған. Алған ауыр жарақаттары салдарынан ол қайтыс болды деп жазады Lada.kz. Күдікті оны өлтіргеннен кейін ұялы телефонын алып кеткен.

Аталған іс бойынша сот процесі Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойыншп мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

Тергеу құжаттарынан анықталғандай, ер адам өзінің әйелінің көңілдесінің үйіне 2021 жылы Жаңа жыл мерекесінде келіп, оны дереу соққыға жыққан. Жерге құлатқаннан кейін желдеткішпен оның басынан өлтіргенше ұрған.

Қарсыласы өлгенін білгеннен кейін ол оның Nokia маркалы құны 20 мың теңге болатын ұялы телефонын алып кеткен.

Сот үкімімен ер адам «кісі өлтіру» және «ұрлық» баптарымен айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тегтер: