Полиция тергеу жұмыстарын бастады
Қарағанды қаласының орталық саябағында арыстанның өлексечі табылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерге көміп тастаған өлексені саябақта қызметте жүрген полиция жасағы тауып алған.
«25 маусымда Орталық саябақ аумағында көмілген жыртқыш аңның өлексесі табылды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Полиция таратқан хабарламада.
Жыртқыш аңның кімге тиесілі болғанын қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр.