Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Ақтөбе-Орынбор» автожолында жарық құралдары өшірілген MAN жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізуші құжаттарын тексеру барысында одан алкоголь иісі шыққан, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйде екенін растады.

Беларусь Республикасының 49 жастағы азаматының басқаруындағы жүк көлігі Түркістан облысынан өз еліне қарбыз тасымалдап жүрген.

Мәртөк аудандық сотының шешімімен шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.