Бүлдіршін түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Қарағандыда көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 4 жастағы бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«24 маусым күні кешке Қарағанды қаласының 14-шағынауданында 2-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала құлап түсті. Баланың ата-анасы сол сәтте көрші бөлмеде болған. Бала түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.
Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп мәлім етті.
«Баланың бас миы шайқалып, жамбас буыны шығып, балалар жарақат бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.