Павлодар облысында зейнеткер мотоциклмен аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

66 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Шарбақты ауданында зейнеткер мотоциклмен аударылып қалды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс жайт 18 маусым күні сағат 02.00-де Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының маңында орын алған.

«Дала аймағында 66 жастағы «Яки» мотоциклінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай және рульді басқара алмай, аударылып кеткен», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақатымен ауруханаға жеткізілді.