Оқиға бүгін түскі уақытта Сырым ауданы аумағында болған
Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түскі уақытта Сырым ауданы аумағында болған.
Сағат 13.15-те Жымпиты ауылынан Ақтөбеге қарай 15-20 шақырым жерде «Тойота Камри» және «КИА Соренто» автокөліктерінің соғылысқаны жөнінде хабар түскен. Аудандық орталық ауруханаға 9 адам жеткізілсе, олардың екеуі - кәмелетке толмағандар.
Аталмыш оқиғаға орай ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.