$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2021, 15:32
Оқиғалар

Қозғалтқышы істен шыққан: Ресейдегі ұшақ апатынан 9 адам көз жұмды

Түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген 17 адамның төртеуі ауыр жағдайда жатыр

Қозғалтқышы істен шыққан: Ресейдегі ұшақ апатынан 9 адам көз жұмды
Фото: ТАСС

Ресейдің Кемеров облысында апатқа ұшыраған ұшақтың қозғалтқышы істен шығып құлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.  

Бортында спортшы-парашютшілер отырған L-410 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қазіргі уақытта тергеуалды тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала болжам бойынша, 2021 жылдың 19 маусымында жергілікті уақытпен сағат 10.00 шамасында L-410 ұшағы Кемеров облысының Танай әуежайында ұшу-жаттығу жұмыстарын өткізген. Ұшу барысында әуе кемесінің командирі қозғалтқыштың істен шыққаны туралы хабарлағандықтан, ұшақты ұшып шыққан әуежайға қайтару туралы шешім қабылданған. Ұшақ кері бұрылып жатқан сәтте қанаты ағашқа тиіп, жерге құлаған», - делінген РФ Тергеу комитетінің Батыс-Сібір тергеу басқармасының хабарламасында. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта апаттан көз жұмғандар саны 9 адамға жеткені хабарланды. Бұған дейін құрбандар саны төрт адам деп хабарланған болатын. Тағы 17 адам түрлі жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілді, оның төртеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Серіктес жаңалықтары