ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбеде жол апатынан жолаушы әйел көз жұмды

Қайғылы жол-көлік апаты 18 маусым күні болған

 

Ақтөбеде болған жол-көлік оқиғасынан әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусым сағат 19:20 шамасында Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы, ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный айналма тасжолы жағынан Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпіріне қарай солға бұрылу маневрін жасаған кезде ГМЗ айналма тасжолы бойымен ГМЗ жағынан Заречный жағына басты жолда келе жатқан ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ВАЗ 2107 автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.​

Сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі бойынша жоғарыда аталған дерек бойынша куәгерлермен көрген адамдар келесі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 қызметтік кабинетіне келу қажет.