Оқиға бүгін таңертең болған
Алматыда салынып жатқан көпқабатты үй өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт Жетісу ауданындағы 9 қабатты үйден шыққан. Пластикалық трубалар жанып кеткен.
«18 маусым күні сағат 10:22-де «Драгон Сити» ТК салып жатқан 9 қабатты үйдiң 1 қабатында 8 шаршы метр аумақта пластикалық труба жанған. Өрт сөндiрушiлер келгенше өрт ошағы сөндipiлген»,- деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.