Ақсуда велосипедші баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Ақсуда велосипедші баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 17:10-да Ақсу қаласындағы Строителей көшесіндегі үйге қарама-қарсы «ВАЗ 21112» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойында  рұқсат етілмеген жерде велосипедпен келе жатқан баланы қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.