Алматыда интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Нысанды тексеру кезінде салонда массажист ретінде жұмыс істейтін алты қыз ұсталды 

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Массаж салоны Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан. 

“Стоп Трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында біздің бөлімнің қызметкерлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады. Оның негізгі профилі, ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтер көрсету. Нысанды тексеру кезінде мекеме әкімшісі және салонда массажист ретінде жұмыс істейтін алты қыз ұсталды. Олардың жасы 20-дан 27 жасқа дейін, Алматы және Ақтөбе облыстарынан келген. Әйелдер әртүрлі инфекциялардың, оның ішінде коронавирустың жұқтыру қаупін ескермей, ақша табу мақсатында клиенттерді қабылдады", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Салон қызметкерлері жеке басын анықтау және полиция жазбаларынан тексеру үшін Бостандық аудандық ПБ-на жеткізілді. Интимдік кәсіпті ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.