Бағанаға шығып алған маймылды түсіру үшін оқ атқан азаматтың жауапкершілігі қарастырылуда

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Сарыағаш қаласында болған

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Instagram парақшаларының бірінен жол жиегінде электр бағанасының (столба) үстіне маймылдың шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Бұл бейнежазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері бірден тексеру жұмыстарынакірісіп, оқиға Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде болғаны анықталды.  

Маймылдың иесі сарыағаштық тұрғын болып шықты. Оның айтуынша, тасымал барысында жануар абайсызда тордан шығып кеткен.

Сосын бірнеше рет пневматикалық қарумен ауаға атып, жерге түсірген. Содан соң маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен.

Сарыағаш АПБ қызметкерлері маймылдың иесінің жасаған іс-әрекеті бойынша зерделеп, тиісті құжаттарын тексеріп, жауапкершілігін қарауда.