Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам оқиға орнында қаза тапты

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

12 маусым күні сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында орналасқан үйілмелі топырақ қасында Shacman жүк тасымалдау автокөлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, сол мекемеде жұмыс істейтін 1992 жылы туған қызметкерін көлікпен басып өтті. Ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.