ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда қоршау арқылы бөтен адамдардың үйіне кіріп кеткен ұрылар ұсталды

Ұсталғандардың осыған ұқсас үш адамның мүлкін ұрлауға қатысы бары дәлелденді

Алматыда қоршау арқылы бөтен адамдардың үйіне кіріп кеткен ұрылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жақында әлеуметтік желіде “қылмыстық дуэттің” әдісі туралы айтылды. Бейнежазбада “Нұр Алатау” шағынауданындағы жеке үйдің аумағына қаскөйлердің заңсыз кіру сәті түсірілген. 

"Қылмыс түн ішінде болған. Жеке үйдің ауласына кіріп, қаскөйлер Hyundai автокөлігінің есігін ашты және сол жерден үй иесінің жеке мүлкін ұрлады. Әйел материалдық шығынды 200 мың теңгеге бағалады. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген. Күдіктілер бірден анықталды. Бұл – 1998 жылы туған В.есімді ер адам, Алматы облысының тұрғыны және 1998 жылғы алматылық, Б.есімді ер адам. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас үш адамның мүлкін ұрлауға қатыстылығы дәлелденді. Барлық эпизодтарда қаскөйлер қоршау арқылы әрекет еткені назар аудартады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық ПБ-ның бастығы Қуатбек Науатов.