$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2021, 00:48
Оқиғалар

Ақтөбеде деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі мен қару тәркіленді

Полицейлер арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп 48 жастағы ер адамды ұстады

Ақтөбеде деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі мен қару тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының полицейлері деструктивті діни ағымның жақтаушысынан есірткі мен тіркелмеген мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, 48 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту барысында құрамында өсімдік тектес, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар екі қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.

Одан кейін «ВАЗ 21099» маркалы автокөлігін иісшіл итпен тінту барысында ішінде өсімдік тектес, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар алты қағаз түйіншек табылып, тәркіленді», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ішінде өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат бар екі полиэтилен пакет табылған, ал қонақ бөлмедегі сөренің артынан «ИЖ» маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық алынған.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар марихуана есірткі заты екені анықталды, жалпы салмағы 50 граммды құрады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі заттарды заңсыз дайындау, өңдеу немесе өткізу) бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары