Павлодарда дүкен өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

Павлодарда дүкен өртенді. Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам және бес техника жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусымда сағат 07.05-те Ак. Сәтбаев көшесі, 21/2 мекенжайы бойынша «Альтаир» дүкенінде өрт тіркелген.

«Тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес бір қабатты дүкенде үш шаршы метр алаңда өрт болды. Сағат 7.50-де өрт жойылды. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 47 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар», - дейді өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Максим Варзегов.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.