Атырауда бір отбасы мүшелерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Мақат ауданында 31 мамыр күні болған

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда бір отбасы мүшелерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мақат ауданы Доссор кентінде 31 мамыр күні түнгі сағат 01:10 шамасында Toyota Sequoia көлігін тізгіндеген 1988 ж.т., жүргізуші жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 ж.т., бір отбасының төрт адамын қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Іс бойынша жүршізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.