Оның бұл әрекетін жүргізушілер әшкереледі
Ресейдің Қорған облысындағы «Петухово» және Солтүстік Қазақстандағы «Жаңа жол» бекетінің арасындағы бейтарап жолақта дезинфекциялық трейлер орнатып, заңсыз ақша тапқан кәсіпкердің әрекетін жүргізушілер әшкереледі. Ол ел аумағына өтетін көліктердің дөңгелектерін залалсыздандыруға міндеттеп, қызметі үшін ақы алып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мұндай қызметке күдіктенген азаматтар әлеуметтік желілерде өз пікірін білдіріп, түбіртектердің суреттерін жариялады. Пандемияны өз пайдасына жаратқан бизнес өкілінің бейтарап жолақта қанша уақыт бойы жұмыс істегені белгісіз.
«Дезинфекция жасаушы мекеме өкілдері дөңгелектерін залалсыздандырмаған көліктер шекарадан өтпейтінін айтқан. Осылайша жүргізушілерді өз қызметін пайдалануға міндеттеген. Бейтарап аумақта аталған компания заңды түде жұмыс істеген. Алайда жүргізушілер оның қызметі ерікті түрде пайдаланады», - дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бөлімінің жетекшісі Айдос Кеңбейілов.
Тасымалдаушы компания директоры Омари Харбедияның айтуынша, кәсіпкердің бұл әрекеті шекарада көлік кептелісін туғызып, ұзын-сонар кезектің туындауына да алып келген.
«Бұл мәселе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен жиында қаралды. Мемлекеттік мекемелердің бірі байқау жариялап, кәсіпкер оны ұтып алған. Шекарадан Қазақстанға күніне орта есеппен 100-ге тарта көлік кіреді. Қалғанын өзіңіз есептей беріңіз», - дейді ол.
Дезинфекция қызметіне жүк көліктерінің иелері 2500 теңгеге дейін төлесе, жеңіл автомашина жүргізушілері 1200 теңгеге шығынданған. Іске облыстық прокуратура араласып, дезинфекциялық трейлер жабылды.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО